Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Жасыл Даму» қаржысы есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг тетігін енгізу мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Еске салайық, тиісті тапсырманы мемлекет басшысы 2022 жылғы 14 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген болатын.
«Кездесуге қатысушылар «Жасыл Даму» қоры есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг тетігін жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін талқылап, келісті. Бұл механизмді биыл жаппай орақ мерзімі басталмай тұрып тезірек қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта агроқұрылымдардың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталатын болады.
Бағдарламаны «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары қаржыландыратын болады. Оған 40 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарлануда.