Бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар тасымалы барлық болжамдардан озып, өткен жылмен қатар пандемияға дейінгі – 2019 жылмен де тұрақты өсім көрсетуде.

Мәселен, 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 9,9 миллион жолаушыны құрады  (2021 ж. – 8,6 млн. жолаушы; 2020 ж. – 5,0 млн. жолаушы).

Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушылар саны шамамен 10,8 миллионға жетеді деп күтілуде.  2021 жылғы көрсеткіштен өсім (9,4 млн жолаушы) 15%-ды құрайды.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет жолаушылар тасымалы 10 миллион жолаушыдан асады.

2022 жылғы қаңтар-қараша айларында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша 7 млн ​​жолаушы (2021 жылы – 6,9 млн., 2020 жылы – 4,1 млн.), халықаралық бағыттар бойынша – 2,9 млн. жолаушы (2021 жылы – 1,7 млн. , 2020 жылы – 0,9 млн.) тасымалдады.

«Air Astana» әуе компаниясының жолаушылар ағыны шамамен 3,7 миллион адамды, «FlyArystan» – 3,0 миллионға жуық, «Qazaq air» – 0,5 миллион және «SCAT» – 2,7 миллион адамды құрады.