Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен «ForteBank» АҚ (+55,8%), «Kaspi.kz» АҚ (+25,0%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+7,5%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы наурызда 9,0%-ға немесе 2,6 трлн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 15,3%-ға өсу) ұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 30,8 трлн теңгені құрады.
Биыл наурыз айында акциялармен сауда-саттық көлемі 13,3 млрд теңгені құрап, бір айда 6,3 есеге немесе 71,1 млрд теңгеге азайды. Сауда-саттық көлемінің едәуір төмендеуі ақпан айында «Air Astana» АҚ IPO өткізу себебінен салыстырудың жоғары базасына байланысты болды, оның акциялары 54,7 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциялары болды.
2024 жылғы наурызда KASE индексі 5,7%-ға 5 077,8 тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 21,3%-ға өсті).
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 45 түрлі акция, 53 шетелдік эмитенттің 11 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 51,1%-ға немесе 0,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы наурызда 2,6 млрд теңгені құрады.