Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының кезекті отырысы өтті.
Жиында 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған Қазақстан Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелерінің есебі бекітілді. Мәселен, есеп беріліп отырған кезеңде Ұлттық қордағы валюта активтерінің көлемі 1,5 млрд АҚШ долларына ұлғайды. Ал Қордың кірістілігі осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 3,07%-ға жетті.
Ұлттық Банк Басқармасы Deloitte тәуелсіз халықаралық аудиторлық компаниясы әзірлеген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2023 жылғы жылдық қаржылық есебін де бекітті. БЖЗҚ портфелінің таза инвестициялық кірісі 1,6 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 77,7% артық. Ұлттық Банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылы 10,1% болды.