Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты тұжырымдамасы бар. Ұлттық банк инфляцияның ортамерзімді мақсатын нақтылау үшін сол стратегияға тиісті өзгерістер енгізіп отыр, деп хабарлайды naryk.kz.

Инфляцияның мақсаттық форматы интервалдық мәндерден тұратын. Енді ол нүктелік (нақты) мәнге өзгереді. Яғни, бұған дейін аралық мәндер 2023-2024 жылдарға 4-5%, 2025 жылдан бастап 3-4% аралығында еді.

«Ортамерзімді перспективаға инфляция бойынша нысаналы бағдарды белгілеу және «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 40 қаулысына сәйкес, ортамерзімді перспективаға арналған инфляция бойынша нысаналы бағдар жылдық инфляцияны 5%-ға жуық көрсеткіште ұстауға қолдау көрсетеді» делінген Ұлттық банктің ақпараттық хабарламасында.

Мақсатты тұжырымдаудағы дәйектілік пен бірмәнділік инфляция мен күтулерді 5%-ға жақындатуға ықпал етеді.

Инфляцияның мақсатын нақтылау орындылығы халықаралық тәжірибемен және халықаралық сарапшыларды қоса алғанда, Ұлттық Банктің өзінің де, сыртқы сарапшылардың қатысуымен жүргізген зерттеулерімен де расталады.  

Инфляцияның жаңартылған мақсаты экономикалық шолудың арнайы шығарылымында жарияланған Қазақстандағы таргеттің оңтайлылығы жөніндегі зерттеулердің нәтижесі бойынша алынған диапазонға сәйкес келеді.