Қазақстандағы үш уран өндіретін кәсіпорынның ірі акцияларын Ресейдің Uranium One Group мемлекеттік компаниясына беруге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
- Uranium One Netherlands B.V. «Қаратау» ЖШС акцияларының 50 пайызын «Uranium One Group» АҚ пайдасына иеліктен шығару.
- Uranium One Utrecht B.V. «Uranium One Group» АҚ пайдасына «Хорасан-У» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің 30% үлесін иеліктен шығару.
- Uranium One Rotterdam B.V. «Оңтүстік тау-кен-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 70 пайыздық үлесін «Uranium One Group» АҚ пайдасына иеліктен шығару туралы айтылған ҚР Үкіметінің қаулысында.
Айта кетейік, «Uranium One Group» АҚ Мәскеуде тіркелген және ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді.