Қазақстанда жаңа форматтағы сауда орталықтарын салуға тартылған несиелер бойынша мөлшерлеменің 11,75 пайызын субсидиялау жоспарлануда. ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл туралы Үкіметтің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы қаулысына норма енгізбек. Құжат «Ашық құқықтық актілер» платформасында жарияланды.

Ұлттық экономика министрлігі түсіндіргендей, бүгінде өңірлерде сауда инфрақұрылымының заманауи форматтары және тұтастай алғанда сауда алаңдары жетіспейді. Бұл бөлшек сауда алаңдарын жалға алу және сатып алу мөлшерлемесінің тым жоғары көтерілуіне әкеледі.

Өз кезегінде, жоғары жалдау бағасы бөлшек бизнесті ұйымдастыру шығындарының өсуіне және сайып келгенде, бұл дүкендердегі өнімдер мен тауарларға бағаның көтерілуіне әкеледі. Сауда қатысушылары үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, өркениетті сауда форматтарының үлесін арттыру, сондай-ақ өткізілетін өнімнің сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында заманауи сауда нысандарының құрылысын мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету ұсынылады.

Атап айтқанда, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған несиелерді субсидиялау ұсынылады, оның 11,75 пайызын мемлекет субсидиялайды, қалғанын кәсіпкердің өзі төлейді

Аудан орталықтары мен моноқалаларда сауда орталықтарын салу жобалары құрылысына субсидия алу үшін заманауи форматтағы сауда үйлері мен сауда орындары сауда және ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, олардың мынадай талаптарға сай болуы керек: 

1) кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сату алаңы болу;

2) кәсіпкерлер «Мамандандырылған емес дүкендердегі өзге де бөлшек сауда» немесе «Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқаруға» (Объектілерді кейіннен пайдалану мақсатында құрылыс жобаларын іске асыру) сәйкес кәсіпкерлер жүзеге асыру;

3) тамақ өнімдерін өткізуге арналған сауда орындарының болуы.