2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығының үштен біріне жуығын жинай алмады, делінген Қаржы министрлігінің есебінде.
Республикалық бюджеттің кірісі осы кезеңде 10,4 трлн теңге жоспарланғанымен, 8,6 трлн теңге болды.
Бұл 8,6 трлн теңгенің ішінде салық түсімдері 5,18 трлн теңгені құрады (жоспар – 6,8 трлн теңге). Яғни, жиналмаған салық — шамамен 1,6 трлн теңге, яғни 30 пайызға жуық.
Салықтардың ішінде 1,5 трлн теңгені корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдер (жоспар – 2,1 трлн теңге, орындалуы 71%), 2,2 трлн теңге – ҚҚС (жоспар – 3,1 трлн теңге, 71,8% орындалған). Салықтық емес түсімдер болжамнан 4,5 есеге жуық артып, 435,7 млрд теңгені құрады.
Осы уақыт ішінде бюджет шығыны 11 трлн теңге жоспарланса (94,8% орындалды) қарсы іс жүзігде 10,4 трлн теңгеден асты.
Бірінші жартыжылдықта бюджетті толықтыру үшін Ұлттық қордан жоспар бойынша 3,2 трлн теңге болса (жоспардың 85,7%-ы), іс жүзінде 2,7 трлн теңге шығарылды.
Кепілдендірілген трансферттер толық көлемде аударылды, болжам бойынша – 1,8 трлн теңге (2024 жылға лимит 2 трлн теңге болып белгіленді), ал нысаналы трансферттер 900 млрд теңгені құрады (жоспар – 1,36 трлн теңге, орындалуы 66,2%).
Нәтижесінде бюджет тапшылығы 1,8 трлн теңгені құрады, жоспар бойыншп 788 млрд теңге болуы тиіс еді (2,4 есе айырмашылық).