Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстан қаржыгерлерінің XII съезінде базалық мөлшерлеме төмендеуі үшін алдымен инфляцияны түсіру керектігін айтты.
«Инфляция 5 болмайынша, базалық мөлшерлеме 8-9% болмайды, 11%-бен несие берілмейді», — деді бас банк басшысы.
«Қос мандат туралы көп жылдан бері айтып келеміз. Енді үкіметтің мандаттың сақталуын қамтамасыз ету үшін үкіметпен бірлесіп жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Үкiметтiң инфляцияны төмендетуге күш салуын тiркеу керек», — деді ол.
«Бюджеттік экспансия кезінде, жоғары инфляция кезінде мөлшерлемені түсіреді деп күтуге болмайды. Бұлай істемейтініміз анық. Біз өз мандатымызды ешқашан ұмытпаймыз, ол үшін үкімет алдында емес, бүкіл ел алдында жауаптымыз», — деді Тимур Сүлейменов.
«Инфляциямен жеңбейінше мөлшерлеме төмендемейді. Яғни шығынды азайтып, кірісіті арттыру керек. Салықты өсіру керек. Бұл оңай болмайды. Бірақ бұл үлкен экономикалық нарықтық серпіліске алғышарттар жасайды», — деді Сүлейменов.