«АрселорМиттал Теміртауды» ресейлік «Северсталь» компаниясына беру туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ, деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.
«Ешқандай келіссөз жоқ. Қауесетке сенбейңіздер. Иә, кәсіпорынның жабдықтарды жөндеу, инвестициялау бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар. Кәсіпорында адам өлімімен болған қайғылы оқиғалар, әрине, бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан тиімді жұмыс істей алатын басқа да инвесторларды тарту және осы өндірісті дамытуға инвестиция салу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанымен, сіз айтқан компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Нақты қай компаниялар екенін айта алмаймын», - деді Роман Скляр.
Бұған дейін Үкіметі «АрселорМиттал Теміртауды» ресейлік олигарх Алексей Мордашовтың субсанкциядағы «Северсталь» компаниясына беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған едік.