Бірінші жартыжылдықта қазақстандық туроператорлар 285,7 млрд теңге табыс тапты. Номиналды түрде бұл толық өткен жылмен салыстырғанда шамамен 40% артық.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда, инфляцияны есепке алмағанда, бұл көрсеткіш тіпті 3,2 есе өсті. Көрсетілген кезеңнің қорытындысы бойынша бұрын-соңды мұндай жоғары өсім болмағаны айтпаса да түсінікті.

Әдетте, бірінші жартыжылдық туроператорларға екіншіге қарағанда әлдеқайда аз ақша әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі ерекше мол табыс одан сайын таң қалдырады.

Осыған қарағанда, қазақстандықтар демалысқа ақша жұмсауды көбейткен. Одан бөлек Түркияда демалыстың қымбаттауы да әсер еткен болуы ықтимал.