2024 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының көлемі 8,8% ұлғайып, 3 996,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды статбюро.
Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша тұрғын емес ғимараттардың (жалпы көлемнен 22,9%), автомобиль жолдарының (16,1%) және тұрғын үйлердің (14,3%) құрылысы басым болды.
Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы республиканың 18 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Қызылорда (42,6%), Шығыс Қазақстанда (37,2%), Қарағандыда (34%), Жетісу (32,7%), Түркістан (28,6%), Ұлытау (26,2%), Абай (21,8%), Астана (41,6%) және Шымкент (26,5%) қалаларында.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 88,4% жеке құрылыс ұйымдары, 11,1% – шетелдік және 0,5% мемлекеттік ұйымдар орындаған.
8 ай ішінде салынған жаңа ғимараттар саны - 23 545, ал пәтерлер саны 93 658 (+8.1%) құрады.