«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша, жаздың соңғы айында Қазақстанда жалпы сомасы 140,3 млрд теңге құрайтын 10 748 бірлік техника жасалды. Бұл 2023 жылдың тамызындағы нәтижеден 4,9% төмен.
Жалпы сегіз айда елдегі зауыттар 80 963 бірлік техника өндірді, ал былтыр қаңтар мен тамыз аралығында жалпы құны 1,05 трлн теңгеге тең 97 709 бірлік техника конвейерге тұрды. Биылғы өндіріс көлемі 17,1% аз.
Аталған салада жеңіл автомобиль үлесі басым – 72 750 бірлік (-17,8%). Сонымен қатар 5 350 бірлік жүк көлігі (-12,3%), 1 564 автобус (-10,2%), 986 бірлік тіркеме мен жартылай тіркеме және 313 бірлік басқа арнайы техника жасалды.
«Биыл өнеркәсіп министрлігінің талабы бойынша, 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін өндіріс бастаған әр брендтің кем дегенде бір моделі майда торапты әдіспен жасалуға тиіс. Қазір жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарына бұл шара 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Аталған норма Қазақстандағы локализацияның дамуына оң әсер етеді, өйткені майда торапты әдіспен көлік өндіру көлемі ұлғаяды», — дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың сегіз айында Қостанайда 48 240 бірлік техника шықты (-16,6%). Алматыдағы (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) мамандар 25 924 жеңіл және коммерциялық автомобиль құрастырды (-24,4%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 609 бірлік коммерциялық техника конвейерге тұрды (+36,3%). Қарағанды облысындағы QazTehna 876 техника жасады (+9,1%). Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг клиенттеріне 632 коммерциялық техника жөнелтсе (-21,3%), басқа кәсіпорындар 1 652 бірл машина өндірді. (+26,7%).
Қаңтар-тамызда елдегі зауыттар ең көп құрастырған бес бренд (экспортты қосқанда):
- Hyundai (25 612)
- Kia (16 262)
- Chevrolet (15 942)
- Jac (8 784)
- Jetour (6 123).
Модельдер арасында:
- Chevrolet Cobalt (13 289)
- Hyundai Tucson (13 246)
- Kia Sportage (6 676)
- Hyundai Elantra (3 577)
- Jetour X70 (3 310).