«Қазақстан Автокөлік Одағы» мәліметінше, тамызда жаңа жеңіл автокөліктер мен коммерциялық көліктердің сатылымы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,2% төмендеп, 17 829 болды. Қаңтардан бері барлығы 119 225 автокөлік сатылды, бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 0,9% аз.

Тамыз айындағы ең танымал 10 модельдің қатарына Қазақстанда шығарылған тоғыз модель кірді. Hyundai 24,5% (4 367 бірлік; бір жылда -5,1%) көш бастап тұр, екінші орында Chevrolet – 2 403 бірлік (-28%), Kia үшінші орында – 1646 автокөлік сатылды (-3,9%). 

Одан кейін Chery (1 229; -27,4%) және Jac (1 035; +18,4%).