2000 жылы Түркиядағы кезекті жер сілкінісінен кейін Turkish Catastrophe Insurance Pool (TCIP) жер сілкінісінен тұрғын жылжымайтын мүлікті ұлттық міндетті сақтандыру
бағдарламасы іске қосылды.
Түрік үй шаруашылықтары ай сайынғы негізде жылжымайтын мүлікті сақтандыру
жүзеге асырылатын төлемдерді аударады. Міндетті төлемдердің орташа жылдық
мөлшері 300 түрік лирасын, немесе жылына $15 құрайды. Бір үй шаруашылығына сақтандыру өтелімінің максималды
лимиті 640 мың түрік лирасын, немесе
шамамен $34 мың құрайды.
TCIP бағдарламасының операторы – Түркия үкіметімен арнайы құрылған Turk
Reasurans сақтандыру компаниясы – осы бағдарламаның тәуекедерін бүкіл әлем
бойынша, оның ішінде Қазақстанда да қайта сақтандырады. «Евразия» сақтандыру
компаниясы $18 млн жауапкершілік
лимитімен TCIP бағдарламасының қайта сақтандыру пулына қатысады.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар жер сілкіністерінен он провинция
зардап шекті, атап айтқанда: Кахраманмараш, Адыяман, Диярбакыр, Малатья, Килис,
Хатай, Газиантеп, Адана, Шанлыурфа және Османие.
TCIP бағдарламасының аясында тұрғын жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандырумен зардап шеккен
провинцияларда 1,063 миллион үй шаруашылықтары немесе шамамен 50% қамтылған.
Сақтандыру өтелімінің жалпы сомасы 188,9 млрд түрік лирасын немесе шамамен
$18 млрд құрайды.
Сонымен, Газиантеп провинциясында TCIP бағдарламасымен ең көп қамту тіркелген:
онда 220 мың үй шаруашылығы, немесе 65% сақтандырылған. Міндетті
сақтандырудың ең аз қамтылуы –Диярбакыр провинциясында: 79 мың үй шаруашылығы, немесе тек 39%. Жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен провинцияда –
Кахраманмарашта – 113 мың немесе 54%
үй шаруашылықтары сақтандырылған. Түркия
бойынша тұрғын үйді міндетті сақтандыру бағдарламасымен орташа қамту 52% құрайды.
«Евразия» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Борис Умановтың алдын ала есептеулері бойынша, жер сілкінісінен
сақтандырылған тұрғын үй мүлкіне келтірілген залал сомасы 68% сенімгерлік
ықтималдықпен $2,1 млрд құрайды. Осылайша,
жер сілкінісі зардаптарының едәуір бөлігін әлемнің түкпір-түкпірінен сақтандыру
компаниялары, оның ішінде «Евразия» СК жабатын болады.
Айта кету керек, бұл бағалау тек TCIP міндетті сақтандыру бағдарламасы
бойынша сақтандырылған тұрғын үйлерге келтірілген залалды ғана есепке алады
және сақтандырылмаған тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті,
инфрақұрылымға, шағын және орта бизнеске, өнеркәсіптік өндірістер мен
кәсіпорындарға келтірілген залалды, сондай-ақ бизнестегі үзіліске байланысты
шығындарды, Түркияның ЖІӨ үшін тікелей және жанама шығындарды қамтымайды.
Қазіргі таңда
Түркия тарапынан бағалаушы-мамандар тәулік бойы қираған және бүлінген
ғимараттар туралы ақпаратты кейіннен сақтандыру және қайта сақтандыру
компанияларына беру үшін жинастыру
үстінде. Өз кезегінде «Евразия» СК құжаттарды ала салысымен сақтандыру төлемін
аударуға дайын.