2022 жылы «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» (ТХКБ) арқылы жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге өсіп, 1,5 млн тоннаға жетті. Бұл ретте қазақстандық жүктер экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есеге ұлғайып, 891 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Қазақстан Темір Жолы.

Сонымен қатар, контейнерлерде 33,6 мың ЖФЭ тасымалданды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ке артық. 

2023 жылға арналған маршрут бойынша жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту, тұрақты түрде шаттл-пойызбен бекітілген кесте бойынша жүру және бірыңғай транзиттік өнімді құру мәселелері бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамаларға қол қойылды.