2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды.
Соған сәйкес келесі сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:
- 60 000 (алпыс мың) бас мөлшерінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102)
- қошқарлар (тауар номенклатурасының коды 0104) саны 120 000 бас
- Бұйрыққа сәйкес 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қойлар үшін квоталар белгіленді
- 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит – 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.
2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша республикада барлығы 13 033 бас карантинге қойылды, оның ішінде 10 625 ІҚМ және 2 408 ІҚМ. 474 бас ІҚМ үшін мал әкетуге рұқсат алынды, осы күні 217 бас ІҚМ шығарылды.