2023 жылдың қаңтар-қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан 1,8% көп.
Ең көп Астанада: 5,1 млн адам, бір жылда 16,5% көбейген. Одан кейін Ақтөбе (1,7 млн адам) және Қызылорда (1,5 млн адам) облыстары. Ең аз Алматы облысында.
ҚР-дағы жолаушылар айналымы 14,9 млрд жкм құрады, бұл былтырғыдан 1,6% аз.
Биыл он бір айдың қорытындысы бойынша, теміржол көлігімен жүк тасымалы 380,6 млн тоннаны құрады, бұл былтырғыдан 2,2% артық.
Жүк тасымалы ең көп Қарағанды (43,8 млн тонна), Павлодар (37,5 млн тонна) және Ақтөбе (36,4 млн тонна) облыстарында, ең азы Алматы (5,4 млн тонна), Батыс Қазақстан (5,2 млн тонна) және Түркістан (5,1 млн. тонна) облыстары.
Жыл басынан бері жүк айналымы 299,3 млрд ткм болды, бұл былтырғымен салыстырғанда 4,9%-ға артық.
Биыл қаңтар-қарашада темір жол көлігі кәсіпорындары бір жыл бұрынғы 1,2 трлн теңгемен салыстырғанда 1,5 трлн теңге табыс тапты.
Ең көп бөлігін барлық бағыт бойынша жүк пен багаж тасымалдаудан түскен табыс құрады: 1,4 трлн теңге. Тағы 110,2 млн теңге жолаушылар тасымалынан түскен табыс, экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 382,6 млн теңге.
Биыл қаңтар-қазанда қалааралық жолаушылар теміржол көлігі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан бірден 43,2% аз. Бұл ретте жүк теміржол көлігі саласына құйылған инвестиция керісінше 2,5 есе өсіп, 214,5 млрд теңге болды.
Өңірлер бойынша жолаушылар теміржол көлігі саласында инвестиция ең көп Абай облысына салынды: 4 млрд теңге. Үздік үштікке Қарағанды мен Жетісу облыстары да кірді.
Жүк темiр жол көлiгi саласында инвестиция ең көп көлемi Астанада тіркелді: 164,9 млрд теңге. Үздік үштікке Алматы мен Қарағанды облыстары да кірді.