2022 жылы Jusan Bank клиентері саны бір жылда 52% ұлғайып 3 млн-нан асты. Банктің таза пайдасы 9 есе өсіп, 88,6 млрд теңгеге жетсе, актив көлемі  2,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы банктің 2022 жылдың шоғырландырылған қаржылық есебінде жарияланған.

Негізгі көрсеткіштер плюсте

Қаржылық есепте айтылғандай, таза пайданың 9 есе ұлғайып, 88,6 млрд теңгеге жетуі несие портфелі сапасының жақсаруы және халық пен ШОБ-ты несиелеуді дамыту арқылы оны диверсификациялағанның арқасында мүмкін болып отыр. Ал шоғырландырылған негізде таза пайда көрсеткіштері 111,6 млрд теңгеге тең, Бұл 2021 жылдың көрсеткіштерінен 2,3 есеге көп.

Сонымен қатар, банктің таза пайыздық кірісі бір жылда 6 есеге өсіп, 134,9 млрд теңгеге жетті. Таза комиссиялық кіріс екі есеге өсіп, 14 млрд долларға жеткен. 

«Жалпы несие портфелі провизияларды есепке алғанда жыл соңында 10%-ға өсіп, 917 млрд теңгеге жетті. Банк несие беруде макроэкономикалық жағдайды және салымшылар мен қарыз алушылар үшін сенімділікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, консервативті көзқарасты ұстанады», – делінген қаржылық есепте. 

Пайданың өсуіне байланысты банктің активтері мен капиталының кірістілігі артты: ROA 0,5%-дан 3,3%-ға дейін, ROE 2,6%-дан 18,5%-ға дейін жоғарылады. Бұл банкке провизиялардың дәлме-дәл көлемін қалыптастырып, өз экожүйесін әрі қарай дамыту үшін табысты қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. 

Айта кетерлігі, Банк Басқармасы мен Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысында 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы тағы да ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс  акционерлердің 2023 жылдың 2 мамырындағы жалпы жиналысында қолдау тапты.

2022 жылы жаңадан 1 млн клиент қосылды

Банк клиенттерінің саны былтыр 52% көбейіп 3 млн-нан асты. Бұл ретте өсім заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың санынан байқалды.

2022 жылдың қорытындысына сәйкес кәсіпкер клиенттердің саны 42%-ға өсіп, 190 мыңнан асты. Оның үстіне бизнесмендер Jusan Business мобильді банкингін белсенді түрде пайдаланады: өткен жылы ай сайынғы белсенді пайдаланушылар (МАУ) саны 136%-ға, 114 мыңға дейін өсті. 

«Банк цифрлық технологияларға, Jusan және Jusan Business экожүйесіндегі онлайн қызметтерді кеңейтуге белсенді инвестиция жасады. Біздің мобильді қосымшаларымыз клиенттеріміздің банктік қажеттіліктерінен бөлек, сонымен қатар күнделікті қаржылық емес сұраныстарын өтейді. Біздің екі қосымшамыз бойынша ай сайынғы бірегей пайдаланушылар саны (MAU) ұлғаюда. Lifestyle-қызметтеріміз де үлкен сұранысқа ие: былтыр біздің интернет-дүкенімізде сауда көлемі 255%-ға, бөлшек инвесторлар саны - 11 есеге өсті. Jusan Travel сервисі әуе және теміржол билеттерін сату бойынша банктер арасында екінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіштердің барлығы – Jusan Bank-тың біртұтас және кәсіби командасының жетістігі. Банк ұжымы бизнестің сапалы дамуын және табысты технологиялық компания ретінде позициямызды қамтамасыз ету үшін көп тер төкті», - деді Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов қаржы нәтижелері туралы.

Кәсіпкерлер Jusan-нан несие алып 175 мың жұмыс орнын ашты

ШОБ несие портфелі 2022 жылы 15%-ға өсіп, 531 млрд теңгеге жетті. Банктің қаржыландыруының арқасында жауапты кәсіпкерлер 175 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Банк бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысады. 2022 жылы Jusan Bank Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша берілген несиелер саны бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында 3-ші орынға ие болды.

ШОБ секторындағы 25 мың тұтынушы Jusan Дүкен маркетплейсіне шығып, өз өнімдері мен қызметтерін сатуға арналған жоғары сапалы онлайн арнаға қосылды. Өткен жылы маркетплейс арқылы сауда көлемі 255%-ға өсіп, Қазақстан нарығында №2 орынға шықты. Jusan Дүкен арқылы сатылған тауарлардың жалпы құны (GMV) 13,5 миллиард теңгеден асты. Ал бұл қарқын одан сайын үдей түсуде.

Халықтың 520 млрд теңгесі жатыр

2021 жылмен салыстырғанда жеке тұлғалардың несие портфелі саудагерлер санының айтарлықтай өсуінің арқасында 26%-ға артып, 343 млрд теңгеге жетті.

Халықтың 520 миллиард теңгеден астам жинағы жоғары сапалы активтермен қамтамасыз етілген банктегі депозиттерде сенімді түрде сақталады.

2,5 млн-ға жуық қолданушы Jusan App пайдаланады

Есепті кезеңде Jusan Retail бөлшек сегменті де айтарлықтай өсім көрсетті. 2022 жылдың соңына қарай экожүйенің 2,5 миллионға жуық пайдаланушысы болды. Ай сайын Jusan App-қа 1,2 миллионнан астам бірегей пайдаланушы (MAU) кіреді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52% көп.

2022 жылы Jusan экожүйелері арқылы төлемдер мен аударымдар көлемі 2021 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 46%-ға өсті. Белсенді карта базасы 18%-ға көбейіп, 700 мың бірліктен асты. Банктің цифрлық карталары жылдам қарқынмен өсуде.

Jusan экожүйесіндегі қаржылық емес қызметтерді кеңейту тұтынушылар санын арттыруға мүмкіндік береді. 

Клиенттер Jusan App көмегімен теміржол және әуе, кинотеатр, театр және концерттерге билеттерін сатып ала алады. Инвестициялық платформаға қол жеткізіп, қор нарығында сауда жасауды үйрене алады. Бұл сервис жоғары сұранысқа ие болды: жеке инвесторлардың клиенттік базасы соңғы бір жылда 11 есеге өсіп, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 336 мыңға жетті. 

Экономиканы әртараптандыруға қосқан елеулі үлесі үшін

Сонымен қатар сарапшылар экожүйенің елеулі трансформациясын ескеруде. Осы орайда Jusan бірқатар марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, Best Bank – Kazakhstan 2022, «Қазақстан экономикасын диверсификациялауға қосқан елеулі үлесі үшін 2022», банктің мобильді қосымшасы Қазақстандағы ең үздік қосымшалардың бірі деп танылды, сонымен қатар цифрлық деректер қауіпсіздігі бойынша тәуелсіз зерттеу нәтижелеріне сәйкес KPMG Caspian Jusan-ды Қазақстандағы банктер арасындағы үздігі деп таныды. 

Jusan Bank Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының бірі және оның көрсеткіштері реттеушінің талаптарындағы пруденциалдық нормативтер деңгейінен асып түседі. Жыл қорытындысы бойынша банктің меншікті капиталы 751,5 млрд теңгеге жетті. 

Jusan активтерге шаққандағы капиталдың көлемі бойынша еліміздегі ең ірі банктер арасында бірінші орында тұр. Капитал жеткіліктілігі k1 –  29,9%-ға, k2 - 47,4%-ға тең, (8,5% және 10% нормативі бойынша).

Банк 2022 жылы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары негізінде жауапты банк қызметінің озық тәжірибесін енгізуге бағытталған ESG стратегиясын іске асыруды жалғастырды. Jusan Bank S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық ESG рейтингін алған еліміздегі ЕДБ арасында алғашқылардың бірі болды.

Биыл банк жаңа үш жылдық даму стратегиясы жағдайында жұмыс істей бастады, ол клиентке бағытталған заманауи принциптеріне негізделген бизнес-модель бойынша құрастырылған. Оның негізінде Jusan клиенттердің жоғарғы талабын өтейтін әрі бірінші дәрежелі қызмет көрсететін инновациялық, жоғары технологиялы банк болуы керек. 

Jusan Bank серіктестері мен клиенттеріне ынтымақтастық және сенім үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ банк өз клиенттерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктер сыйлап қана қоймай, гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу арқылы олардың өмір сапасын жақсартуға атсалыспақ.