2023 жылғы тамызда тұтыну бағаларының айлық индексі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде – 0,6%).  Ақылы қызметтер – 1,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% қымбаттаса, азық-түлік тауарлары өзгеріссіз қалған.

Инфляция деңгейінің өсуіне негізгі үлесті коммуналдық қызметтер тарифтері қосты. Су бұру – 18%, суық су – 13,1%, ыстық су – 7,8%, электр энергиясы – 6,7%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 5,5%, қоқыс шығару, тұрғын үйге қызмет көрсету – әрқайсысы 1,3%-дан қымбаттады. Баға қалалық көлікпен жол жүруге 7,5%, ұялы байланыс қызметіне 2,8% өсті. Баға әуе билетіне – 19,6%, темір жол қызметіне 0,2% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша тамызда бағаның өсуі оқушы ранеці, рюкзагына – 5,9%, балалар киіміне және аяқ-киіміне 2,9%-дан байқалды. Шілдемен салыстырғанда АИ-95/96 маркалы бензинге баға 3,9%, АИ-98 бензиніне – 1,9%, баллондағы сұйытылған газға 1,4% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында баға күрішке – 2,1%, шошқа етіне – 1,2%, консервіленген сүтке – 1,1%, сүт пен сиыр етіне 0,6%-дан өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға – 1,4%, салқындатылған сусындарға – 1%, темекі өнімдеріне 0,8% байқалды. Жаңа піскен көкөністер – 6,1%, картоп – 4%, күнбағыс майы – 2,3%, қарақұмық жармасы – 2%, құмшекер 1,8% арзандады.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Шымкент қ., Атырау, Павлодар және Батыс-Қазақстан облыстарында тіркелді – 0,2%.    

Өңірлік бөліністе азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ақмола облысында – 0,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша – Ақмола облысында 1,2%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында, өсім –  4%.

2023 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 13,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,4%, азық-түлік емес тауарлар 13,5%, ақылы қызметтер 13,9% өсті.

2022 жылғы тамызбен салыстырғанда қырыққабат 67,2%, күріш – 42,6%, қантсыз қоюландырылған сүт – 37%, газдалмаған сусындар 26,6% қымбаттады. Парацетамол бағасы – 57,3%, күндізгі стационарлық емдеу қызметінің тарифі – 40,4%, қоқыс шығару 36,1% өсті. Керісінше, жылдық мәнде смартфондар – 23,4%, құмшекер– 21,3%, сарымсақ – 17,8%, қарақұмық жармасы – 14%, басты пияз – 10,8%, күнбағыс майы 9,2% арзандаған.