Ақылы қызметтердің бағасы 2024 жылғы ақпанда 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 12,8% өсті, оның ішінде такси қызметтерінің құны 12,3% көтерілді.
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап такси қызметтерін пайдаланушылардың тұрақты өсу динамикасы жүріп жатыр, ол 2020 жылы 1,314 млн адамнан 2022 жылы 3,339 млн адамға дейін өсті.
Бұл ретте, Қазақстанда таксопарктер табысының күрт қысқаруы байқалады, 2021 жылы 7 есеге жуық өсімді көрсетсе (табыс 1,825 млрд теңгеден 12,429 млрд теңгеге дейін өсті). Алайда, 2022 жылы 2,5 есе төмендеді (12,429 млрд теңгеден 4,871 млрд теңгеге дейін).
Өңірлік бойынша Қарағанды облысының (+10,4%); Атырау облысы (+7,3%); Абай облысы (+7%); Ақмола облысы (+6,4%) және Павлодар облысында (+5,9%) қатты қымбаттады.
Ең төменгі жылдық өсім Солтүстік Қазақстан облысында (+0,3%), Қостанай облысында (+1,2%) және Қызылорда облысында (+1,7%) тіркелді.
Сегіз облыста (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан; Жамбыл, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстары) бағалар бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
«NUMBEO» Интернет-порталының деректеріне сәйкес, Қазақстанда ТМД елдері арасында ең қымбат такси қызметтерінің бірі (таксидің бастапқы құны 1,79 АҚШ доллары немесе 800 теңге, ал жолдың бір километріне кемінде 0,42 АҚШ доллары немесе 200 теңгеге жуық төлеу қажет).
Бұл ретте, «Globalpetrolprices» деректеріне сәйкес Қазақстанда талданатын ТМД елдері арасында АИ-95 маркалы бензиннің ең төмен бағасы тіркелді, литрі 0,545 АҚШ долларын немесе 250 теңгені құрайды.
Егер талданып отырған ТМД елдерінде такси қызметтері үшін бірдей көліктер жұмыс істейтінін елестететін болсақ (мысалы, 2023 жылғы Hyundai Accent, қозғалтқыш көлемі 1,6 текше метр және отын шығыны қалалық режимде 100 км-ге 8,9 литр), Қазақстанда такси жүргізушісі 100 км жолға 37 АҚШ долларынан астам ақша табады.
Осылайша, Қазақстан такси қызметтерінің табыстылығы бойынша ТМД елдерінің үзік-3 қатарына кіреді деп айтуға болады (Әзірбайжаннан кейін – 53,77 АҚШ доллары және Ресейден кейін – 100 км жолға 37,76 АҚШ доллары).
Алайда, таксидегі көліктің бағасын да ескеру қажет, олар айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, 2023 жылғы Hyundai Accent бағасы Қазақстанда — 9,9 млн теңгені , Әзірбайжанда — 8,4 млн теңгені , ал Ресейде — 8,1 млн теңгені құрайды.
Автор: Ерлан Каримов, орталық директоры