Қазақстандықтар корпоративті мерекеден гөрі ақшалай сыйақы алғанды тәуір көреді, деп хабарлайды HeadHunter Қазақстан компаниясы сайттағы мәліметтерге талдау жасай отырып.
2020 жылы көп компания жаңа жылдық корпоратив жасаудан бас тартты. Биыл сауалнамаға қатысушылардың 46%-ы корпоратив болатынын айтқан. Қалған 54%-ы әзірге белгісіз екенін жеткізді.
Корпоративтен бас тартқан компаниялардың 77%-ы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас тартқанын айтса, 19% бюджеттің жоқтығын алға тартқан.
14% компания корпоративті онлайн өткізбек. 73%-ы дәстүрлі түрде өткізеді.
Корпоратив өткізетін компаниялардың 62%-ы толығымен компания бюджетінен төлесе, 24%-ы бір бөлігін компания, бір бөлігін жұмыскерлер өздері төлейтінін айтты. 14%-ы толығымен жұмыскерлеріне төлетпек.
Сауалнамаға қатысқан жұмыскерлердің 48%-ы корпоративтен ешқашан қалмайтынын, 35%–ы кейде баратынын, 17%–ы мүлде қатыспайтынын айтқан.
Сауалнамаға қатысушы жұмыскерлердің 78%-ы корпоративке кеткен ақшаны сыйақы ретінде бергенін қалайды.