Solva үш айда 2,28 млрд теңге таза шығынға ұшырады

Solva Group 2026 жылдың II тоқсанында таза шығынын айтарлықтай қысқартты. 30 маусымдағы жағдай бойынша үш айдағы таза шығын 2,28 млрд теңге болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,24 млрд теңге болған.

Шығынның азаюына несиеге жұмсалатын қаржының 65,6%, операциялық емес шығынның 53% қысқаруы әсер етті. Сонымен қатар таза пайыздық табыс 69,1% төмендеп, 3,05 млрд теңгеге түсті. Одан бөлек компанияның:

  • Активтері — 203,5 млрд теңге (-0,4%);

  • Клиенттерге берілген несие — 167,9 млрд теңге (+1,6%);

  • Ақша қаражаты — 8,51 млрд теңге (+24,3%);

  • Міндеттемелері — 197,2 млрд теңге (-1,7%);

  • Меншікті капиталы — 6,26 млрд теңге (+72,3%).

Компанияның жинақталған шығыны да 63,1% қысқарып, 4,28 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Айта кетейік, Solva 2023 жылдан бері банк лицензиясын алуға тырысып келеді. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензия беру процесінің кешігуін кредиттік портфельдің сапасы мен провизиялардың жеткіліктілігіне қатысты мәселелермен түсіндірген.

Айта кетейік, биыл компанияның құрылымы өзгерді: ресейлік негізін қалаушылар Александр Дунаев пен Борис Батин өз акцияларын AG Holding Ltd. пайдасына берді. Компанияның жаңа CEO-сы — Тимур Ишмуратов, ал директорлар кеңесіне экономист әрі банкир Ғалым Хусаинов кірді.