Ұлттық банктің шілде айындағы инфляциялық күтулерді зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ет, құс еті және коммуналдық қызметтер Қазақстан тұрғындары арасында бағаның өсуі ең байқалатын негізгі тауарлар мен қызметтер болып қала береді.
Ет пен құс етінің бағасының ең айтарлықтай өсуін бірінші мәселе ретінде респонденттердің 59,9%-ы айтты. Екінші орында тұрғын үй және коммуналдық қызметтер тұр, респонденттердің 56%-ы осы қызметтің қымбаттауынан қиналады. Одан кейін дәрі-дәрмек (51,6%), сосын ірімшік пен шұжықтар (49,2%) келеді.
Маусым айынан бері жағдай аз өзгерді, сол кезде респонденттердің 61,1%-ы ет пен құс етінің бағасының, ал 56,3%-ы коммуналдық қызметтер қымбаттығын атаған.
Сонымен қатар, жеміс-жидек пен көкөніс бағасының өсуіне алаңдайтын қазақстандықтардың үлесі айтарлықтай азайды. Респонденттердің 54,4%-ы бұл туралы маусым айында айтқан болса, шілдеде бұл көрсеткіш 47,3%-ға дейін төмендеді.