Solva тоғыз айда 3 млрд теңге таза пайда тапты

Solva қаржы тобы 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 млрд теңге таза пайда тапты. Осы кезеңде компания сыртқы кредиторларға 8,84 млрд теңге төледі. Сонымен қатар операциялық шығындарды оңтайландырып, жасанды интеллектіні енгізу арқылы еңбекақы қорына жұмсалатын шығындарды 20% қысқартты.

Компанияның мәліметінше, кредиторларға төленген 8,84 млрд теңгенің 4,76 млрд теңгесі негізгі борышты өтеуге, ал 4,08 млрд теңгесі пайыздар мен купондарды төлеуге бағытталған.

Сондай-ақ Solva орталық қазынашылық жүйесін құрып, валюталық міндеттемелерінің 80%-ын хеджирледі. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша мерзімі өткен берешектің (NPL) үлесі 8%-ды құрады.