Бизнес тендер кепілдігін қалай дұрыс таңдай алады?

Бизнес тендер кепілдігін қалай дұрыс таңдай алады?

Бұрын тендер кепілдігін алудың жұмысы көп еді. Құжат жинау, банкке бару, кезек күту, ақшаңызды шотта ұстап тұру және банк жабылғанша үлгеру қажет болатын. Қазір Halyk цифрлық қызметтердің арқасында кепілдікті небәрі 10 минутта рәсімдеуге болады. Яғни бар уақытыңызды құжат жинауға жұмсамай, негізгі бизнеске көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік бар. Ендеше бизнеске қандай жағдайда қандай кепілдік қажет екенін қарастырайық.

Тендерге қатысу үшін қандай кепілдік керек?

Алдымен конкурстан бастайық. Мемлекеттік сатып алуға немесе «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуына қатысатын кәсіпкерлерге цифрлық бланкілік тендер кепілдігі қолайлы. Ол компанияның қаржылық сенімділігін растайды. Кәсіпкер конкурс аяқталғанша ұйымдастырушының шотына өз ақшасын салып қоюға міндетті емес. Кепілдікті кепілзатсыз, банк бөлімшесіне бармай-ақ рәсімдеуге болады.

Дегенмен Halyk тендер кепілдігін алуды жеңілдетіп қана қойған жоқ, кәсіпкерлерге сай сатып алуларды табуға көмектесетін қосымша қызметтерді де ұсынады. Мысалы, «Тендер бойынша ұсыныстар» сервисі күн сайын  компанияның қызмет бағытына сәйкес келетін сатып алуларды жинақтайды. Кәсіпкер әр тендерді жеке іздеуге уақыт жұмсамай, өзіне қолайлы ұсыныстарды жылдам таба алады.

Тендерге жиі қатысатын және кепілдікке жұмсалатын шығынды азайтқысы келетін бизнеске де арнайы шешімдер бар. Halyk үш тарифтік пакетті ұсынады: Tender Pro – тендерге тұрақты қатысатын компанияларға, Tender – сатып алуға ара-тұра қатысатын кәсіпкерлерге арналған. Ал Salem пакеті шағын сомадағы тендерлерге қатысуға мүмкіндік береді.

Аталған жүйе жазылым сияқты жұмыс істейді. Кәсіпкер белгілі бір пакетті таңдап, белгіленген сома шегінде тендерлік кепілдіктерді тегін рәсімдей алады. Бұл тарифтерді пайдаланудың негізгі шарты – Halyk клиенті болу.

Жеңімпаздарға арналған қызмет

Тендерге қатысу – жұмыстың басы ғана. Конкурста жеңіске жеткеннен кейін кәсіпкер келісімшарттағы міндеттемелерін орындауға кірісуі керек. Ол үшін міндеттемелерді орындау кепілдігі қажет болуы мүмкін.

Halyk ұсынатын цифрлық кепілдікке жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өтінім бере алады. Бір кепілдіктің сомасы 100 млн теңгеге дейін, ал кепілдіктердің жалпы сомасы 200 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл кепілдік кәсіпкердің келісімшарт талаптарын орындауға дайын екенін растауға және тендерде жеңіске жеткеннен кейін жұмысты бастап кетуге мүмкіндік береді.

Тапсырыс беруші белгілеген бағадан төмен баға ұсынған жағдайда не істеу керек?

Кейде тендерде жеңіске жету үшін кәсіпкер тапсырыс беруші белгілеген бағадан төмен баға ұсынады. Мұндай жағдайда демпингке қарсы керілдік талап етілуі мүмкін. Бұл жерде кәсіпкер үшін сатып алу талаптарын орындаумен қатар, айналымдағы ақшаны сақтап қалу да маңызды.

Кепілдік үшін өз қаражатын жұмсау  немесе несие желісін пайдалану орнына бизнес Halyk ұсынатын демпингке қарсы цифрлық банк кепілдігі рәсімдей алады. Аталған сервис сатып алу талаптарын орындауға көмектесіп, кәсіпкердің қаражатын айналымда қалдыруға мүмкіндік береді. Әрі кепілдікті рәсімдеуге кететін уақытты қысқартады.

Қорыта айтқанда, тендер кепілдігін таңдау кәсіпкердің мақсатына байланысты. Тендерге қатысу үшін бір кепілдік қажет болса, жеңімпаз атанғаннан кейін келісімшарт міндеттемелерін орындау үшін басқа кепілдік керек болуы мүмкін. Ал тапсырыс беруші ұсынған бағадан төмен баға берген жағдайда демпингке қарсы кепілдік сұрайды. Halyk-тің цифрлық шешімдері осы кезеңдерден жеңіл әрі жылдам өтуге көмектеседі. Нәтижесінде кәсіпкер уақытын үнемдеп, қаражатын айналымда ұстап, бизнесті дамытуға көбірек көңіл бөле алады.