2023 жылдың маусымында Carbon Footprint Ltd. британдық консалтингтік компаниясы Solva-ға көміртектік аудит өткізді, оның нәтижесінде компанияға көміртекті бейтараптық мәртебе берілді.
Аудит шеңберінде ол қамтитын барлық облыстар бойынша (scope 1, scope 2 және scope 3) 2022 жыл ішінде компанияның парник газдарының шығарындыларына талдау және есеп жүргізілді. Тәуелсіз бағалау шығарындылардың едәуір ең көп бөлігі қызметкерлердің жұмысқа және кері қайту жолдарына, яғни оларға Solva-ның 55% көміртек ізі тиесілі екенін көрсетті. Аудит қорытындысы бойынша Carbon Footprint өз қызметін жүзеге асыру процесіндегі компанияның СО2 шығарындыларын одан әрі қысқарту бойынша бірқатар ұсынымдар дайындады.
Алынған мәліметтер негізінде Solva өзінің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін өтеу және климаттың өзгеру проблемаларын шешуге өз үлесін қосу жөнінде шешім қабылдады. Carbon Footprint ұсынымдары бойынша компания СО2-нің жаһандық шығарындыларын қысқартуға күштерін бағыттаушы елдердегі бірқатар жасыл жобаларға қосылады. Қаржыландыру бүгіннің өзінде Үндістан мен Бразилиядағы екі жобаға бағытталды:
Solar Grouped Project by ACME Group (Үндістан): жергілікті халықтың қажеттіліктеріне арналған өңірлік энергия желілері бойынша күн энергиясын одан әрі бөлу үшін күн энергиясын өндіру бойынша жоба.
Brascarbon Methane Recovery Project BCA-BRA-16 (Бразилия): мал шаруашылығындағы қалдықтармен жұмыс жүйелерін оңтайландыру бойынша жоба.
Осы жобаларды қаржыландыру Solva-ға 2022 жыл ішінде шығарған өзінің СО2 шығарындыларын толық өтеуге және көміртекті бейтараптық компания мәртебесін алуға мүмкіндік берді.
Бүкіл әлем бойынша бірқатар елдерде жасыл жобаларды қаржыландырудан бөлек сонымен қатар Solva Қазақстанда бизнеске арналған жасыл технологияларды қаржыландыру жобалаларын дамытуда.
2023 жылдың тамызында Solva ШОБ сегментіндегі кәсіпкерлерге арналған «Бизнеске арналған жасыл қаржыландыру» жаңа өнімін іске қосты. Қызметі қоршаған ортаға жағымсыз әсерін қысқартуға бағытталған бизнес өкілдері қаржыландыруға қол жеткізе алады, соның ішінде қаражат энергия тиімді технологиялар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Клиенттер өз кезегінде кэшбек алады, оны ай сайынғы төлемді өтеуге пайдалана алады.
Сонымен бірге шілде айының соңында Solva міне осымен екінші рет нәтижелері айқын көрініс тапқан тұрақты даму туралы жылдық есебін шығарды, мұндай жетістікке компания бизнесті жауапкершілікпен жүргізу, қызметкерлерді, жергілікті қауымдастықтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау салаларында қол жеткізе алғанын атап өтеміз.
Биыл есеп үздік халықаралық тәжірибелерге, нақтысы, 2023 жылы редакцияланған Есептілік бойынша Жаһандық Бастамалар Стандарттарына (Global Reporting Initiative Standards, GRI Standards) сәйкес, сондай-ақ, Sustainability Accounting Standards Board (SASB) (коммерциялық банктер үшін ашу) сәйкес дайындалды. Биыл компания банкке айналу процесін аяқтауды жоспарлап отырғанын естеріңізге саламыз, соған байланысты SASB бойынша осы ашу таңдалған болатын.