2024 жылдың наурызында «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ АҚ (Solva) Қазақстанның микроқаржы секторы үшін рекорд саналатын облигациялардың үш шығарылымының өтелуін жүзеге асырды: KASE листингісінде орналасқан 40 млн АҚШ долларына екі шығарылым (KASE: MFOKb8; MFOKb9), және Astana International Exchange бен KASE-де айналымда болған 7 млрд теңгеге облигациялар шығарылымы (AIX: MFOK.0324; KASE: MFOKe1).
Соңғы жылдары Solva Қазақстанның ішкі нарығындағы борыштық бағалы қағаздар эмитенттері арасында сөзсіз көшбасшы атанды, оның бір айда 55 млн доллар шамасынан астам облигацияларды сәтті өтеуі орнықты бизнес-модельді, тұрақты қаржылық ұстанымды және компанияның активтері мен міндеттемелерін басқарудағы консервативті көзқарасын айқындайды.
2022 жылдан бастап Solva өз міндеттемелерін өтеуде адал екенін көрсетті, атап айтқанда, ол ішкі нарықта 10 облигация шығарылымын сәтті өтеді, соның ішінде жалпы көлемі 16,4 млрд KZT құрайтын төрт облигация шығарылымы мен 76,9 млн АҚШ долларын құрайтын алты облигация шығарылымы бар. Облигациялар бойынша купондық облигациялар тиісінше 5,6 млрд теңгені және 7,8 млн АҚШ долларын құрады. Solva-ның жетістіктері мемлекеттен тыс жерлерде де айтылды. Мысалы, 2023 жылдың маусымында Қырғызстанда, Бішкекте өткен ТМД елдерінің XIX Облигациялық конгресінде Solva «Қазақстандағы бөлшек облигацияларының жетекші эмитенті» марапатына ие болды.
Сонымен қатар компания халықаралық нарықта өзін таныта білді, атап айтқанда, ол 2023 жылдың қарашасында өткен Bonds, Loans & ESG Capital Markets CEE, CIS & Türkiye Awards 2023 конференциясында «Табысы жоғары облигациялар сегментінде жасалған ең үздік мәміле» марапатына ие болды. Аталған марапат әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған, көлемі 20 млрд теңгені құрайтын корпоративтік ESG облигацияларының сәтті өткен алғашқы орналасуы үшін берілді.
«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ АҚ облигацияларды өтеу тарихы:
Тартылған барлық қаражатты Solva микро және шағын бизнесті қаржыландыруға, сондай-ақ тұрғын үйді жөндеу, көлікті сатып алу немесе білім алу сияқты күрделі әрекеттерге тұтынушылық микрокредиттерді ұсынуға баса назар аударып, Қазақстан экономикасының нақты секторын қолдауға жұмсайды. Соңғы үш жылда 81 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер жалпы сомасы 78,5 млрд теңгеге кредит алды, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ-ның микрокредиттер портфелінің жалпы көлемі 51 млрд теңгеге жетті.
«Біз Solva-ға білдірген сенімділіктері үшін инвесторларымызға алғысымызды білдіреміз. Бағалы қағаздарымыз компаниямыздың да, нарықтың ШОБ тұтынушылары мен субъектілері сияқты клиенттеріміздің де өсіп дамуына ықпал етіп, Қазақстандағы көптеген бөлшек инвесторлар үшін портфельдің маңызды элементіне айналды», — деп хабарлады Solva Group Ltd акционері Борис Батин.
«2020 жылдың тамызында Solva KASE-дегі жария борыш нарығына шыққан Қазақстандағы алғашқы микроқаржы ұйымы атанып, тарихи қадам жасады. Содан бері біз бөлшек инвесторлар арасында ең танымал эмитенттері ішіндегі көшбасшы статусын нығайттық. Біз ағымдағы монетарлық саясат пен макрожағдайға қарап, шығарылымдарымызды құрылымдауда бағаны әділ белгілеу қағидасын әрдайым ұстанамыз», — деп атап өтті Solva Group Ltd Капитал нарықтары бойынша Басқарушы директоры Ринат Алиев.
«Freedom Broker — «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ АҚ-ның облигациялары бойынша жетекші андеррайтер. 2020 жылы MFOKb1 және MFOK.0922 облигацияларының алғашқы шығарылымын орналастыру күнінен бастап соңғы төрт жылда Freedom Broker клиенттері компанияның бизнес-моделіне және тұрақты қаржы жағдайына сенім артып келеді. Solva эмитент ретінде бағаны белгілеуде және орналастыруға ұсынылатын облигацияларды құрылымдауда нарықтық тәсілдерді әрдайым қолданады», — деп атады Freedom Broker Инвестициялық банкинг департаментінің директоры Ренат Сыздықов.
«Қаржы кеңесші әрі андеррайтер ретінде Solva-ның бұрынғы серіктесі болып табылатын BCC Invest» әріптестік үшін Компанияға алғысын білдіреді және борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін әділ орындағанын қолдайды. Solva компаниясы корпоративтік облигациялардың отандық нарығында көшбасшылардың бірі болуына әбден лайық», – дейді «ЦентрКредит Банкі» АҚ еншілес ұйымы «BCC Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Оразақов.