Шетелге сатылуы мүмкін деген ақпарат шыққаннан кейін ForteBank акциясы құлдырады

Шетелге сатылуы мүмкін деген ақпарат шыққаннан кейін ForteBank акциясы құлдырады

29 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында (KASE) ForteBank акциялары тағы да арзандады. Сауда барысында баға 16,5 теңгеге дейін төмендеп, күн ішінде 11%-ға жуық құлдырау тіркелді.

Құлдыраудың жаңа толқыны

25 қыркүйекте акция бағасы 19,88 теңге деңгейіне түскеннен кейін банк қағаздары құлдыраудың жаңа кезеңіне өтті. 26 қыркүйекте бір күнде 6,64% арзандады. 29 қыркүйекте төмендеу жалғасын тапты.

Сарапшылар мұны банкке қатысты ақпаратпен байланыстырады. Айта кетейік, 23 қыркүйекте ForteBank Home Credit Bank-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылды. Одан бұрын банк акционерлерінің жиналысында «мәңгілік» облигациялар шығару мәселесі талқыланады. Сонымен қатар ForteBank Қазақстан тарихында банктер арасында алғаш рет қытай юанінде синдикатталған қарыз алды