Шетелдіктердің Қазақстанның шикізаттық емес секторына қосатын үлесі азайып келеді, деп хабарлайды Статистика комитеті.
2022 жылы резидент еместер шикізаттық емес секторға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 8%-ын құрады. Әдетте бұл көрсеткіш аз болғанымен, осыншалықты төмен болмаған. Мәселен, 2014 жылы 11,2 пайызды құраған. Жалпы, қазіргі деңгей кемі соңғы он жылдағы минимум.
2022 жылы резидент еместердің инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Салыстыру үшін: 2013 жылы оның көлемі 664 млрд теңге болған. .
Мұның бәрі жанама түрде шетелдік инвесторлардың Қазақстанның шикізаттық емес секторын дамытуға қатысуын арттыруға аса ынталы еместігін көрсетуі мүмкін.