2022 жылы бастапқы табыстың тұрақты дефициті (+5,6%) кезінде садуа балансы профицитінің (+50,1%) кеңеюі 2013 жылдан бері алғаш рет ағымдағы шоттың бірден оң көрсеткішке жетуіне ықпал етті.
Былтыр тауар мен қызмет экспорты 23-24 млрд доллар айналасында болса, импорт бірінші тоқсандағы 11,6 млрд доллардан төртінші тоқсанда 17,6 млрд долларға жетті.
2022 жылы шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы бизнестерінен алған табысы соңғы сегіз жылдағы максимумға жетіп, 11,4 млрд долларды құрады, 2021 жылы көрсеткіш 9,9 млрд доллар болған еді.
Жалпығ былтыр инвесторлар Қазақстанда тапқан табысының 88 пайызын шетелге өздеріне алып кетті. Әдетте бұл көрсеткіш 65 пайыз болатын.
Капиталдың сыртқа кетуі екі есе көбейді. 2022 жылы 21,7 млрд доллар болды. 2021 жылы көрсеткіш 11,6 млрд доллар болған. Ал елге салынған инвестиция 2022 жылы 15,5 млрд доллар болды, 2021 жылы 14,1 млрд доллар болған. Яғни, 2021 жылы елге кірген қаражат кеткеннен 2,5 млрд доллар көп болса, 2022 жылы керісінше елге салынған инвестицияға қарағанда әкетілген қаражат 6,2 млрд долларға көп.
2022 жылы Қазақстанға келген қаражат әдеттегідей Ұлттық қор арқылы, көрсеткіш 11,7 млрд долларды құрады.