Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанға шетел капиталын тарту жұмысына тоқталды.
«Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы 7 жылда кем дегенде 150 миллиард доллар тікелей шетелден тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 14,5 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артық. Құны 30 трлн болатын 850 инвестициялық жобадан тұратын жалпыұлттық пул 131 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Ағымдағы жылдың соңында 2 трлн теңгені құрайтын 190 жоба пайдалануға берілді», - деді ол.
«Бүгінгі таңда 19 компания шетелден Қазақстанға көшіп келді. Басқаларымен жұмыс жүргізілуде», - деді Әлихан Смайылов.