Еліміздегі танымал шетел валюталарын айырбастау пункттерінің таза сату көлемі былтырғымен салыстырғанда төмендеді.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде АҚШ долларының таза сатылымы 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 8,9% аз. Биыл қаңтар-қыркүйекте еуроның таза сатылымы 31,1% төмендеп, 172,6 млрд теңгені құрады.

Айырбастау пунктері ең көп рубль сатуды азайтты: бірден 35 есе – 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 265,2 млрд теңгеден 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде небәрі 7,6 млрд теңгеге дейін.

Ресей рубліне деген қызығушылық Украинадағы соғыс басталғаннан бері төмендей бастады. Мәселен, 2021 жылы рубльдің орташа айлық таза сату көлемі 62,5 млрд теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 23,4 млрд теңгеге дейін төмендеп, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша тіпті 1 млрд теңгеге де жеткен жоқ.

Өңірлер бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде рубльді таза сатудың оң көлемі (яғни, сатып алғанға қарағанда сатылған рубль көп) ҚР-ның 20 өңірінің 12-де ғана байқалды. Ең үлкен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында болды: 10,5 млрд теңге. Одан кейін Ақмола (5,1 млрд теңге) және Атырау (3,3 млрд теңге) облыстары.

Ең үлкен теріс таза сату көлемі Алматыда (минус 16,5 млрд теңге), Шымкентте (минус 3,5 млрд теңге) және Ақтөбе облысында (минус 2,9 млрд теңге) болды.

Өз кезегінде, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде АҚШ долларының таза сатылымы Алматы мен Шымкентте ең көп болды: тиісінше 284,4 млрд және 246,1 млрд теңге. Сондай-ақ Астана (98 млрд теңге) және Маңғыстау облысында (82,1 млрд теңге) да айтарлықтай көрсеткіш тіркелді. Бірде-бір өңір теріс нәтиже көрсеткен жоқ — АҚШ доллары сұранысқа ие. 

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде еуроның таза сатылымының оң көлемі ҚР-ның 20 өңірінің 19-да байқалды. Ең көп мегаполистерде болды — Алматыда (70,4 млрд теңге), Шымкентте (33,6 млрд теңге) және Астанада (23,7 млрд теңге). Еуро таза сатудың теріс көлемі тек Ақмола облысында ғана байқалды: минус 354,9 млн теңге.

АҚШ долларының ресми бағамы 2023 жылғы қазанда орташа есеппен 476,65 теңгені құрады, бұл өткен айға қарағанда 1,9% және 2022 жылғы қазанға қарағанда 0,9% жоғары. Еуро бір айда 0,6% қымбаттап, 503,34 теңгені құрады, ал 2022 жылдың қазанымен салыстырғанда оның бағамы 8,5% өсті.

Ресей рублінің ресми бағамы бір айда 1,2% өсіп, қазан айында орташа есеппен 4,91 теңгені құрады, ал 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда рубль 36,5% арзандады.