2022 жылдың төртінші тоқсанында ҚР-да қосалқы білім беру қызметінің көлемі 15,1 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,6% артық.
Саладағы қызметтердің басым бөлігі кәсіпорындар есебінен көрсетілді: бір жыл бұрынғы 3,6 млрд теңгенің орнына 6,6 млрд теңге. Тұрғындар есебінен 4,4 млрд теңгенің, бюджет есебінен 4,2 млрд теңгенің қызметі көрсетілді.
Анықтама үшін: 2021 жылдың төртінші тоқсанында көрсеткіш 57% өсіп, 11,8 млрд теңгеге жеткен.
Өңірлер бойынша қосалқы білім беру қызметтерінің ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 6,4 млрд теңге, құндық мәндегі жылдық өсім – 36,6%.
Алматы екінші орында: 4,5 млрд теңге, бір жылдық өсім 30,3%. Одан кейінгі орында Атырау облысы: 1,5 млрд теңге, 11,9% азайған. Алғашқы бестікке Жамбыл (523,1 млн теңге) және Маңғыстау (464,7 млн теңге) облыстары да кірді.
Ең аз қызмет көлемі Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу облыстарында.
Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілері сектордағы қызметтердің басым бөлігін көрсетті: 11,8 млрд теңге, бір жылда 30,2% өскен. Орта кәсіпорындар 2,3 млрд теңгеге (бір жылда 1,4% азайған), ірі кәсіпорындар 996,4 млн теңгенің (жылдық өсім – 2,3 есе) қызметін көрсетті.
Меншік нысандары бойынша жеке компаниялар ең көп қызмет көрсетті: 9,9 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 34,4% артық. Мемлекеттік кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі бір жылда 17,8% өсіп, 4,6 млрд теңгеге, шетелдік компаниялар көрсеткен қызмет көлемі 4,9% өсіп, 591,5 млн теңгеге жетті.
Биыл наурыз айының қорытындысы бойынша, кәсіптік оқыту курстарының құны бір жылда 18,7%, шет тілі курстары 16% өсті.
Өңірлер бойынша кәсіптік оқыту курстары ең көп қымбаттаған Түркістан облысы: бір жылда бірден екі есе. Одан кейін Ақтөбе мен Қостанай облыстары.
Шет тілі курстары құны ең көп қымбаттаған Жетісу облысы: бір жылда бірден 60%. Одан кейін Павлодар облысы мен Астана.