Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму қоры қолдауымен шағын және орта бизнес үшін өндірістік жобаларды қаржыландыру бағдарламасын іске қосуда.

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды. Негізгі шарттар:

- қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін;

- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3%;

- қаржыландыру көлемі – 80 млн теңгеден 3 млрд теңгеге дейін;

- жоба бастамашысының өзіндік қатысуы – жоба құнының 15%-нан кем емес.

«Отандық өңдеуші кәсіпорындарды лизинг және несиелік құралдар арқылы қаржыландыру ұсынылады, бұл ретте несие сомасы лизинг сомасынан аспауы керек. Жобаларды қарастыру кезінде импортты алмастыру және экспортқа бағдарлану, яғни өнімі ішкі нарықтың сұранысын өтейтін және елдің экспорттық әлеуетін арттыратын кәсіпорындарды қолдауға басты назар аударылады», - деп атап өтті қор.

Өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске асыру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі қорларын жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама туралы және қаржыландыруға өтінімдерді дайындау туралы толық ақпаратты Индустриялық даму қорынан 8 (7172) 79-63-15, 8 (7172) 79-63-11 телефондары арқылы алуға болады.