Биылғы қараша айының басында ҚР-да 496,3 мың шағын кәсіпорын тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4% көп. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 379 мыңды құрап, 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда 11,4% өсті, деп хабарлайды finprom.kz.
Тарату процесіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үшінші жыл қатарынан қысқарып, 5,2 мың кәсіпорынды құрайды, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,4% аз.
Бір жылда белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны бірден 10,2% өсіп, 2022 жылдың қазан айының соңында 181,5 мыңды құрады. Сонымен қатар олардың жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардағы үлесі төртінші жыл қатарынан азайып келеді, ал соңғы жылы 48,4%-дан 47,9%-ға дейін төмендеді.
ҚР-дағы белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жартысына жуығы үш облыста: Алматы (47 мың), Астана (30,9 мың) және Қарағанды облысы (9,8 мың).
Белсенді шағын компаниялардың ең азы жаңадан құрылған Ұлытау облысында: бар болғаны 1 мың.
Барлық белсенді шағын бизнес субъектілерінің төрттен бірі дерлік автомобильдер мен мотоциклдерді саудалау және жөндеу саласында жұмыс істейді: 45,2 мың компания – 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 13,8% артық.
Сондай-ақ білім беру (17,1 мың кәсіпорын), құрылыс (15,5 мың) және кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (14,2 мың) салаларында да көп.
Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім сауда және автожөндеу саласында байқалды: белсенді шағын кәсіпорындар саны 5,5 мыңға көбейді. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы белсенді шағын кәсіпорындар саны 287-ге ғана азайған.