SCAT әуе компаниясы жаңа Boeing ұшақтарын жеткізуге келісімшартқа отырды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

13-17 қараша аралығында Дубайда өткен Dubai Airshow-2023 18-ші халықаралық аэроғарыштық көрмесі барысында SCAT әуе компаниясы өз ұшақ паркін кеңейту үшін 7 жаңа Boeing 737-MAX 8 ұшағын жеткізуге келісімшартқа отырды.

Қазіргі уақытта SCAT әуе компаниясының 37 әуе кемесі бар. 2022 және 2023 жылдары Boeing 737 үлгісіндегі 9 жаңа ұшақ алынған.