«Самұрық-Қазына» қоры өзінің жалғыз акционері – Қазақстан үкіметіне 2022 жылға бөлінбеген пайдадан 100 млрд теңге көлемінде қосымша дивидендтер төлейді, деп хабарлады KASE.
Күтілетін төлем күні – 2024 жылдың 18 сәуірі. Акция басына 28,72 теңге.
Дивидендтерді төлеу туралы бірінші рет 2024 жылдың қаңтар айының басында хабарланды. Одан кейін «Самұрық-Қазына» қоры үкіметке рекордтық сома – 2022 жылға 238 млрд теңге жіберді. Қор барлығы 460 млрд теңге, оның ішінде «Қазақстан халқына» қорына 67 млрд теңге аударды.
Салыстыру үшін: 2022 жылы «Самұрық-Қазына» қоры мемлекетке дивидендтер және басқа да төлемдер түрінде 302 млрд теңге (оның 170 млрд теңгесі дивидендтер), 2021 жылы – 156 млрд теңге, 2020 жылы – 180 млрд теңге жіберген.
«Самұрық-Қазына» қорының есебіне сәйкес, 2022 жылы қордың бөлінбеген кірісі 9,7 трлн теңгені құрады.