Қазақстанда Qazaq Green Power атты жаңа энергетикалық компания құрылып, IPO-ға шықпақ. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» басшысы Серік Түтебаев айтты.
Серік Түтебаевтың айтуынша, «Самұрық-Энергоның» «жасыл» активтері Qazaq Green Power-те шоғырланған. Жаңа компания АХҚО юрисдикциясында 2022 жылдың 4 қарашасында тіркелді. Оның IPO 2024 жылға жоспарланған.
«Жасыл» компанияны құру жаңартылатын энергия көздерін дамытуға инвестиция тартуға, жаңа жоғары білікті жұмыс орындарын құруға және дәстүрлі генерациямен кросс-субсидиялау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», деп хабарлайды «Самұрық-Қазына».
Энергетикалық компанияның 100% акциясына иелік ететін «Samruk-Energy» сайтында жарияланған Qazaq Green Power-ті құру және пайдаланудың негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының энергетикалық секторында қолданыстағыларды жаңғыртуға және жаңа генерациялаушы қуаттарды салуға, жаңа технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
- энергетикалық жүйелердің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен электр энергетикасы кешенін реформалау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету;
- энергия үнемдеу саясатын жүргізу және кәсіпорынның энергетикалық нысандарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.