«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционері қордың 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
KASE мәліметінше, қор 2021 жылы 1 649 215 765 000 теңге таза табыс тапты.
Қордың жалғыз акционері, яғни Үкіметтің шешімімен таза табыстың 170 млрд теңгесі дивидент ретінде акционерге төленді.
Қалған 1 трлн 459 млрд теңге қордың инвестициялық бағдарламаларын іске асыруға, қарыздарды қайтаруға, активтер сатып алу үшін қордың өзі мен оған қарасты компанияларда қалдырылды.