2022 жылдың қорытындысы бойынша Самұрық-Қазына қоры Үкіметке дивиденд түрінде төленуі тиіс 245 млрд теңгенің орнына 302 млрд теңге төледі, деді қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева.
Қорға қарасты компаниялардан алынған дивиденд 493 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бір жыл бұрын бұл сома 255 млрд теңгені құраған.
2022 жылы табыс 26% өсіп, 14,78 трлн теңгені құрады.
Ал таза пайда рекордтық 1,9 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артық.
2022 жылдың қорытындысы бойынша төленген салық көлемі 1,7 трлн теңгені құрап, 2021 жылғы көрсеткіштен 529 млрд теңгеге өсті.
Топтың номиналды қарызы былтыр 9,8 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 220 млрд теңгеге аз.