Статистика бюросы мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсан айында бөлшек саудада жалпы құны 2 трлн 073 млрд теңгенің тауары сатылды. Бұл статистика жүргізе бастаған уақыттан бергі максимум.

Көрсеткіштің өсуіне кң алдымен, маусымдық әсер етті - бөлшек сауда көрсеткіштері дәстүрлі түрде Жаңа жыл қарсаңында өседі. Мысалы, бұған дейінгі максимум максимум 2021 жылдың желтоқсанында көрсеткіш 1,71 трлн теңге болған.

Екінші себеп – инфляция. Күшті абсолютті өсімге қарамастан, тауар айналымының физикалық көлемінің индексі (инфляцияны ескере отырып) 2021 жылғы желтоқсан деңгейінің 101%-ын ғана құрады. Яғни, қазақстандықтар ақшаны әлдеқайда көп жұмсай бастады, бірақ нақты өсім 1 пайызды ғана құрады.

Желтоқсанда азық-түлікке 768,6 млрд теңге, азық-түлік емес тауарларға – екі есе дерлік көп (1,3 трлн теңге) жұмсалған.

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жеке кәсіпкерлерден (базарлардағы сатушыларды қосқанда) сатып алған тауарлар  өсімі 151,8 млрд теңгені құрап, 862,7 млрд теңгеге жетті. Заңды тұлғаларға төленген ақша 213,4 млрд теңге көбейіп 1,2 трлн теңгеге жетті. Қаражаттың 41,6%-ын жеке кәсіпкерлерге, қалғаны заңды тұлғалар төленген.