2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $18,4 млрд құрады, бұл өткен жылғы 9 айлық көрсеткіштен 5%-ға жоғары.
Қазақстанның Ресейге экспорты 15,1%-ға немесе $5,9 млрд-қа дейін өсті, ал Ресей Федерациясынан Қазақстанға импорт 0,8%-ға немесе $12,4 млрд-қа дейін өсті.
Экспорттың өсу қарқыны Ресейге табиғи уран (өсім 2,1 есе), алюминий оксиді (өсім 2,3 есе), мырыш (2 есе) жеткізілімдерін ұлғайту есебінен сақталып отыр. Бұл ретте металл илектің (-33%) және темір кендерін (-76%) жеткізудің төмендеуі байқалады.
Ресейге жеткізілетін өнім ассортиментінің өсуін атап өту қажет. Егер өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде тауарлардың 640 түрі болса, ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша олардың саны 1057-ге дейін жетті.
Өңірлер бойынша Алматы қаласынан экспорттың 2,7 есеге ($379,1 млн-нан $1014 млн-ға дейін) және Астана қаласынан Ресейге жеткізілімдердің 5 еседен астам ($150,4 млн-нан $786,2 млн-ға дейін) өскенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, Павлодар облысының Ресейге экспорты 36%-ға өсті, өз жеткізілімдерін Ақтөбе облысы 48%-ға, Түркістан облысы 19%-ға ұлғайтты.
Ресей Федерациясынан импортқа келетін болсақ, болаттан жартылай фабрикаттарды сатып алу 22%-ға, мұнай өнімдерінің импорты 35%-ға, бағалы металдар кендері 20%-ға және бидай импорты 2 есе өсті. Бұл ретте ресейлік автомобильдерді 3,6 есе және алтынды сатып алу 30%-ға төмендеді.
Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша алғашқы бестікке кіреді. Ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Ресейден келген ТШИ-дің жалпы ағыны 30%-ға немесе $722 млн-нан $938 млн-ға дейін өсті. Тұтастай алғанда, 2005 жылдан бастап Ресей Федерациясынан ТШИ-дің жалпы ағыны шамамен $18,7 млрд құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей Нидерландыдан ($108,2 млрд), АҚШ-тан ($50,1 млрд) және Қытайдан ($22,4 млрд) қалып отыр.