Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдың шекарадағы шектеу шаралары үшін оларға да сондай шара қолдануды сұрайды.

Қазақстан май-тоңмай одағы сарапшысы Геннадий Вейцман мемлекеттен Қытайдан импорт тасымалындағы проблемаларды шешу үшін барлық шараны қабылдауды, тіпті мемлекет басшысы деңгейіне шығаруды ұсынады.

"Менің ойымша, ведомстволық тетіктер жеткіліксіз. Проблема мемлекетаралық деңгейге шығып кетті. Үкімет басшысы, тіпті президент деңгейінде шешу керек", дейді Вейцман.

Оның көтерген тағы бір мәселесі Қазақстан арқылы Қытай тауарының үшінші елдерге шығарылуы. Бұл қазақстандық тауар өндірушілерге зиян.

"Қазақстандық тапсырыс берушілер өздерінің жүктерін алмайынша, Қазақстандық темір жолға Қытайдың ЕО, Ресей мен Қырғызстанға, Өзбекстанға бара жатқан тауарларына да осындай шара қолдануды сұраймыз. Біз туралы не ойлайды, халықаралық заңнама не дейді демей, алдымен өзіміздің кәсіпкерлердің қамын ойлау керек", дейді Вейцман.

Ал алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығының басшысы Әлия Мамытбекова Қытай шекарансындағы шектеудің кесірінен келген шығындарын айтты.

"Қазіргі таңда біздің салада осы мәселе бойынша зардап шеккен компаниялардың шығыны 10,7 млрд теңгеге жетті. Жүктер 100 күнге дейін кешігіп жатыр. Бұл бағаның қымбаттауына, өндірістің тоқтауына және қызметкерлердің жұмыстан босауына әкеп соғады", дейді.

Оның айтуынша, Қытайдан бөтелке жасайтын бұйымдар импортталады. Соның импорты кешіккендіктен біздің кәсіпкерлер қиындыққа ұшырап отыр. Ал Түркиядан тапсырыс берейін десе, олардың өнімі Қытайдікінен 70% қымбат.

Осы орайда кәсіпкерлер мынадай талап қойып отыр:

  • Қорғастағы брокерлік бейресми монополияны алып тастап, шекарада жаңа брокерлік компаниялардың жұмыс істеуіне тыйым салмау.
  • Қорғастағы автокөлік тасымалы бейресми монополиясын тоқтатып, жеке кәсіпкерлердің автокөлікпен зат тасуына рұқсат ету.
  • Бос контейнерлерді Қытайға 3 күн ішінде қайтару.
  • Тәуекелді басқаруды бақылау жүйесі (ТББЖ) жүйесінде Алматы мен астанаға жүк тасымалына рұқсат беру.
  •  Қытай мен Қазақстан арасындағы азаматтық және жүк тасымалын ашу.
  • ҚХР-дан өткізу пунктерінің карантинге жабылғаны, баға саясатының өзгергені және тасымал талаптарының өзгергені туралы ресми хат алу.
  • Валюталық бақылау мақсатында экспорт-импорт келісімшарттарының орындалу мерзімін созу.
  • Форс-мажор жағдайында құжаттарды беру.