Air Astana акционерлері 2025 жылға арналған дивиденд көлемін бір жай акцияға 9,92 теңге мөлшерінде бекітті. Жалпы төлем көлемі — 2025 жылғы 7,02 млрд теңге таза пайданың 3,51 млрд теңгесі.

Дивиденд төлеу 25 маусымнан басталады.

Салыстырмалы түрде, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 53,7 теңге көлемінде дивиденд төленген еді. Жалпы сома — 19,1 млрд теңге.