Kaspi.kz финтех компаниясының таза пайдасы 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,84% төмендеп, 251,9 млрд теңгені құрады. Бұл туралы KASE хабарлады.
Пайданың төмендеуіне негізінен табыс салығы бойынша шығындардың өсуі әсер еткен. Сонымен қатар резервтер құруға, технологиялар мен өнімдерді әзірлеуге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнына кететін шығындар артқан.
Компания активтері жыл басынан бері 0,14% өсіп, 11,09 трлн теңгеге жетті. Бұған клиенттерге берілген несиелер көлемінің 1,2% артып, 7,26 трлн теңгеге жетуі себеп болған.
Міндеттемелер 2025 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 1,9% азайып, 8,32 трлн теңгені құрады. Бұл негізінен субординацияланған қарыздың 12,4 есе қысқарып, 13 млн теңгеге дейін төмендеуіне байланысты. Клиент қаражаты 1,4% азайып, 7,42 трлн теңгені құрады.
Компанияның меншікті капиталы жыл басынан бері 6,7% өсіп, 2,77 трлн теңгеге жетті. Бұған көбіне бөлінбеген пайданың 9% артып, 2,77 трлн теңгеге жетуі ықпал еткен.