Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды. 

Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды.

Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12.5 млрд теңгені құрайтын 6 меморандумға қол қойылды. 

Құжат мына бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді:

  • Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді жөндеу;
  • металлургиялық шлактарды өңдеу;
  • сүт-тауар фермасын салу.