Бұған дейін Ресейден келетін импорттың көбейгенін жазған едік. Ал Қазақстан нарығына 24,9 пайыздық үлеспен тауар жеткізуші екінші орында тұрған Қытайдан келетін импорттың қалай жүріп жатқанын көрейік.
Қытай импорты айтарлықтай – 6,5%, 9,5 млрд долларға дейін (2024 жылғы қаңтар-тамызынан 2023 жылдың қаңтар-тамызына дейін) азайған.
Бір қызығы, сегіз айдың соңындағы қытайлық жеткізілімдердің құны төрт жыл ішінде алғаш рет құлдырады. Рас, бұған дейін көрсеткіш қарқынды өсті – орта есеппен 38,1%. Яғни, қазір, шын мәнінде, біз бұрынғы өсім импульсының сарқылуын байқаймыз.
Қай тауарлар импорты азайған?
Теріс динамика барлық дерлік бес негізгі өнім тобында байқалады, құн бойынша ол тауарлар Қытай импортының 90%-ын қамтамасыз етеді.
- Ең күшті құлдырауды текстиль және тоқыма өнімдері (киім) көрсетті. Бір жыл бұрын мұндай тауарлар үшін 1,3 млрд доллар төлеген болсақ, қазір ол 1,1 млрд долларды құрап отыр, 15,7% азайған.
- «Машиналар, жабдықтар, көліктер, аспаптар және құрылғылар» тобы да (Қытай жеткізілімдерінің жалпы құнының 57%-ын құрайды) айтарлықтай төмендеді. Бұл ретте тауарларды сатып алған сома 175,1 млн долларға (3,1%) азайып, 5,4 млрд долларды құрады, алайда бұл топ ішіндегі динамика екіұшты болып шықты. Яғни, «машиналар мен жабдықтар» санатында төмендеу 265,3 млн долларға жетті, қазіргі деңгей «көлік құралдары» санатында 92,8 млн долларға өсіп , 1,5 млрд долларға жетті, Қытай автомобиль өнеркәсібінің біздің нарықты басып алуы жалғасуда.
- Химия өнеркәсібі өнімдерінің импорты айтарлықтай қысқарды. Қаңтар-тамызда оның құны 866,8 млн долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 144,2 млн доллар (14,3%) төмен.
- «Аяқ киім, бас киім және галантерея» тобындағы қытай тауарларының да импорты азайды. Биыл 376 млн доллар, былтыр 419,1 млн доллар болған, 43,1 млн долларға азайған немесе 10,3%.
- «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» өсім көрсеткен тауарлардың бірден-бір тобы. Мұнда жеткізілім құны 21,4 млн долларға (3,1%) өсіп, 705,9 млн долларға жетті.