2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында айырбастау пункттерінің Қытай юанін таза сату көлемі 439,1 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 38,7% аз. Айта кетейік, коронадағдарыс болған 2020 жылғы дәл осы кезеңде Қытай юанының таза сатылымы теріс мәнде болған: минус 1,2 млрд теңге. Оның үстіне Қытай юанін жаппай өткізе бастау коронавирус тараған алғашқы айларда – ақпанда (минус 439,9 млн теңге) және наурызда (минус 583,8 млн теңге) болды.

Қытай юаніне 2022 жылы уақытша қызығушылық болды, ол кезде айырбастау пункттерінің  таза сату көлемі ҚР Ұлттық банкі осындай мәліметтерді ұсынғаннан бері ( 2018 жылдан бастап) рекордтық 1 млрд теңгені құрады.

Ресейлік интернет сегментінде биыл қыркүйек айында юань еуроны басып озып, әлемде екінші валютаға айналғаны туралы жаңалықтар болды, бірақ бұл тек сауданы қаржыландыру нарығына ғана қатысты айтылған. Оның үстіне, көлемнің 75%-дан астамы тек Гонконгқа тиесілі. Биыл қыркүйекте жаһандық және халықаралық төлемдер валютасы ретіндегі юаньның үлесі небәрі 3,7%-ды құрады, алайда бұл оған АҚШ доллары, еуро, Британ фунты және жапон иенінен кейінгі бесінші орынды иеленуге мүмкіндік береді.

Биыл қаңтар-қыркүйекте ҚР өңірлері арасында Қытай юанін таза сату көлемі бойынша Алматы көш бастады: 153,1 млн теңге. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана: тиісінше 53,9 млн теңге және 50 млн теңге. Екі өңірде – Абай мен Маңғыстауда – таза сату көлемі теріс болды: тиісінше минус 4,3 млн теңге және минус 300 мың теңге. Тағы екі өңірде – Түркістан облысында және Шымкентте Қытай юанін таза сату мәні нөл болды.

Биыл қазанда Қытай юанінің ресми орташа айырбас бағамы 65,23 теңге болды. Бұл 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда небәрі 0,9% төмен.

2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда юаньның орташа бағамы 1,7% өсті. Биыл юаньның ең төменгі бағамы (айына орташа есеппен 61,9 теңге) шілдеде, ең жоғары (68,13 теңге) қаңтарда байқалды.