Экономикадағы жағдай және оның қалпына келу қарқыны туралы

Экономиканың нақты секторындағы қалпына келтіру процестері қарқынды деп айтуға болады. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы айтарлықтай қысқарудан кейін, наурыз-сәуір айларында экономиканың жағымды қарқынын байқадық. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ-нің шынайы өсімі жылдық көрсеткіште 0,7% болды, дейді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Өңдеуші өнеркәсіпте өсім қарқыны жеделдей түскен, жыл басынан бері бұл көрсеткіш металлургия өнеркәсібіндегі, азық-түлік өндірісіндегі, машина құрылысы мен фармацевтика саласындағы өндірістің артуына байланысты 7,7% (ж/ж) өскен. Экономиканың өсіміне жағымды әсер еткен салалардың арасында – қашықтан жұмыс істеп, онлайн білім алғандардың әлі де көп екеніне байланысты – ақпарат және байланыс (11,1%, ж/ж), құрылыс (12,5%, ж/ж) пен ауыл шаруашылығы (3,5%) саласы бар.

Қызмет көрсету секторында сауда мен көлік тасымалындағы жағдайдың қалпына келе бастағанын байқауға болады, оған, әрине, карантин шараларының жеңілдеп, сыртқы сұраныстың да кезең-кезеңімен қалпына келіп жатқаны әсер етті. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында саудадағы өсім қарқыны 5,7% (ж/ж) құрады, ал, көлік тасымалы қызметтерінің көлеміндегі төмендеу қарқыны (-)9,0% (ж/ж) дейін баяулады.

Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістің қысқаруы (6,3%-ға дейін, ж/ж) экономикаға жағымсыз әсерін тигізіп отыр, өйткені, мұнай алуды шектеу туралы ОПЕК+ келісімін орындау аясында шикі мұнай мен газ конденсанттарын алу деңгейі төмендеді.
Экономиканың кейбір салаларында іскерлік байланыс жақсарған соң, шынайы жалақының өсуіне байланысты, сондай-ақ, зейнетақы мен шәкіртақының бюджеті артқан соң халықтың әл-ауқаты да жақсарып, ол өз кезегінде тұтынушылық сұраныстың қалпына келуіне көмектесті. 2021 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, халықтың шынайы кірісі жылдық көрсеткіште 3,4%-ға артты. Сонымен қатар, тұтынушылық сұраныс артқан соң, бөлшек сауда, тұтынушылар импорты, әсіресе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар импорты айтарлықтай өсіп, жекелеген несиелердің қарқыны артты. Халықтың жаппай вакцина алуы да, карантиннің жеңілдегені де сұранысқа оң әсерін тигізді.

2021 жылдың бірінші тоқсанында тау-кен өнеркәсібіндегі инвестицияның қысқаруына қарамастан, экономиканың басқа салаларында инвестициялық белсенділік жағымды қалпында қалды. Химия өнеркәсібінде (2,3 есе), металлургия саласында (54,1%), байланыс саласында (62,7%), ауыл шаруашылығында (54,8%) инвестицияның айтарлықтай көбейгенін байқауға болады.

Ал, тұрғын үй құрылысындағы инвестицияның қарқынына тоқталсақ, бұнда да жоғары өсім сақталып отыр, оның үстіне, бұл сала мемлекеттік ипотекалық несиелендіру бағдарламалары мен Мемлекет басшысының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешуге рұқсат беру туралы бастамасымен қолдау тапты.

Экономика тез қалпына келіп жатқанын ескере отырып, Ұлттық Банк экономика өсіміне қатысты болжамын өсімді арттыруға қарай қайта қарап шықты. Осылайша, экономика салаларындағы іскерлік белсенділік барынша тез қалпына келіп, халықтың табысы артады деген болжам бар, бұл өз кезегінде жиынтық сұраныстың кеңеюіне ықпал етеді, ол экономика өсімінің драйвері болады. Сонымен қатар, ЖІӨ-нің қарқынын ұстап тұруға импорттың қалпына келуі ықпал етеді. Экспорт болса, ОПЕК+ шектеулерінің жұмсаруына байланысты мұнай алу көлемінің көбеюіне, сондай-ақ, қазақстандық экспорт тауарларының сыртқы сұранысының артуына байланысты, осы жылдың екінші жартысында қалпына келеді деп күтіліп отыр. Бұдан өзге, биыл бюджеттің шығындары көбеюі жағына қарай қайта қаралған болатын. Өз кезегінде, барынша жағымды шынайы импульс ішкі сұраныстың қалпына келуіне ықпал етеді, сол арқылы экономиканың өсіміне де, инфляциялық процестерге де өсім сипатында ықпал етеді.

«2021 ақпан-наурыз» болжамымен салыстырғанда, біз базалық сценарийде мұнай бағасын қайта қарадық. Мәселен, қазір Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне шамамен 70 АҚШ долларына шақ болып тұр, өйткені, әлем елдеріндегі жаппай вакцинация мен мұнай көлемін азайту туралы ОПЕК+ келісімінің әрекеттеріне байланысты, мұнайға әлемдік сұраныс қалпына келіп жатыр. Алайда, мұнай алу көлемі әлем бойынша ақырын-ақырын арта бастаған соң әлемдегі мұнай бағасы қазіргі көрсеткіштен азаяды және Ұлттық Банк базалық сценарий ретінде 2021-2022 жылдары Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 60 АҚШ долларын құрайды деп болжап отыр, бұны халықаралық ұйымдардың болжамы да растай алады.

Соның артынан осы факторлардың орындалуына биыл бюджет шығындарының артуына байланысты біз 2021-2022 жылдары инфляция бойынша болжамды өсімге қарай қайта қарадық және ең ақырғысы, алдыңғы болжамдық кезеңмен салыстырғанда, тәуекелдер едәуір нашарлады, бұл инфляцияның базалық сценарийден басқаша болу тәуекелі жоғарлаған деңгейде тұрғанын көрсетеді.

Базалық сценарийге сәйкес, 2021 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 3,6–3,9% деңгейінде болып, ары қарай келесі жылы 4,0%–4,3%-ке дейін жеделдейді деген болжам бар.

Болжамды тәуекелдер мен болжамды кезеңдегі өзгерістер туралы

Шынымен де, барынша шын мәніндегі жоғары инфляциямен байланысты бірқатар тәуекел дәл келді. Мысалы, Жанармай мен электр қуатының бағасы, артынша, азық-түлік бағасы өсіп, халықтың шынайы кірісі артқан кездегі сұраныстың жоғары болуы, тұтынушылық несиенің қалпына келуі, Ресейден келетін инфляциялық жағдайлардың артуы 2021 жылдың мамырында инфляция деңгейін 7,2%-ға жеткізді.

Ал, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты мұнай бағасының құлдырауын, азық-түлік бағасының өсуін және дамыған елдер ақша-кредит саясатын күрт қатайтып жібергенін сыртқы тәуекелдерге жатқызар едім. Ішкі тәуекелдер арасында сұраныс пен ұсыныстағы инфляциядан болатын тәуекелдер бар, оларды іске асыру қысқа және орта мерзімді перспективада инфляцияның едәуір жеделдеуін тудыруы мүмкін.

 

Инфляцияның негізгі факторлары туралы

Осы жылдың басындағы бірқатар тұрақтанудан кейін мамыр айында инфляциялық процестер жылдық көрсеткіште 7,2%-ға дейін өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге бағаның едәуір өсуі азық-түлік компонентінің дезинфляциясы есебінен өтелді. Азық-түлік бағаларының жылдық өсімі баяулап жатыр және мамырда 9,3% құрады, бұл 2020 жылғы жоғары айлық инфляцияның есептеуінен шыққан жағдайға байланысты.

Дезинфляциялық процестерге қарамастан, жекелеген тауарлардың нарығында бағаның өсу тенденциясы сақталады (күнбағыс майы, қант, қой еті).

2021 жылдың қаңтар-мамыр аралығында азық-түлік тауарларының бағасы 4,9% өсті. Әлемдік азық-түлік тауарларының қымбаттауы да сұраныс қалыпқа келіп жатқанда және ұсыныс шектеулі болғанда, проинфляциялық қосымша қысым тудырады.

Жанармай материалдарының, киім мен аяқ киімнің тұрақты өсуі нәтижесінде жылдық азық-түлік емес инфляция мамырда 6,7% дейін өсті. Жанар-жағармай материалдарының өзіндік құнының өсуі өндіріс шығындарының артуымен (өндіріс және тасымалдау), экономикалық белсенділіктің қалпына келуімен және 2020 жылға арналған акциз ставкасының өзгерісі кешіккенімен байланысты. Киім мен аяқ киімнің жыл сайынғы өсу қарқынының жеделдеуі импорттық бағаның өсуімен және тұтынушылар сұранысының біртіндеп қалпына келуімен сипатталып отыр.

2021 жылы мамырда халыққа ұсынылатын ақылы қызметтердің жылдық бағасы 5,1% дейін өсті. Электр қуаты тарифінің өсуіне, карантиннің жеңілдеуіне, халықты жаппай вакцинациялау жағдайында сұраныстың артуына байланысты жекелеген қызметтердің бағасы артып, осыған байланысты қызметтер саласындағы инфляция да жеделдеді.

Тұтынушылар сұранысының тез қалпына келуі және кейбір тұтыну тауарлары мен қызметтер бағасының өсуі аясында, біздің бағалауымыз бойынша, биыл инфляциялық процестер баяу қарқынмен азаятынын атап өткім келеді. Осыған байланысты Ұлттық Банк инфляцияның қысқа және орта мерзімді болжамдарын қайта қарады.

Азық-түлік инфляциясы бұдан былай баяулайды деп күтіліп отыр, бұл өз кезегінде 2020 жылдың жоғары мәндерінің есептеулерінен бас тартуға байланысты болады. Сонымен қатар, азық-түлікке жатпайтын және қызмет көрсету инфляциясы ішкі тұтынушылық сұраныстың қалпына келу өсімі мен сыртқы инфляциялық фонның шамалы өсуі аясында үдей түседі.

Бензин бағасының күрт өсуінен, электр қуатының қымбаттауынан, бюджеттік ынталандырудың күшеюінен және инфляциялық болжамдардың жоғарылауынан инфляция 2021 жылдың аяғында мақсатты деңгейден сәл жоғары қалыптасады.

2022 жыл ішінде инфляция баяулап, 4-6% деңгейіндегі жоғарғы шегіне жақындай бастайды. Қытай мен ЕО-да инфляция мақсатты деңгейге жетпей, Ресейде инфляция мақсатты деңгейге жақындаған соң, сыртқы инфляциялық қысым әлсіреп, осындай деңгей туындайды. Сонымен қатар, соңғы айларда айтарлықтай қымбаттаған әлемдік азық-түлік бағасы біртіндеп төмендейді деген болжам бар.

 

Сыртқы факторлардың әсері, соның ішінде дамыған елдердегі монетарлық жағдайларды қатаңдату, атап айтқанда, инфляциялық процестердің анағұрлым тұрақты сипатына байланысты АҚШ Федералды резервтік жүйесінің әрекеттері туралы

Шынында да, қазіргі кезде әлемде инфляция жоғарлап жатқанын байқауға болады. Инфляциялық процестердің жеделдеуі АҚШ-та ғана емес, көптеген басқа елдерде де байқалады. Мысалы, Қытайда ақша-кредит саясаты туралы шешім қабылдағанда басты назар аударатын өндірушілер бағасының индексі былтырғы жылдың теріс динамикасынан кейін 2021 жылдың сәуірінде 6,8% (ж/ж) дейін өсті. Еуропадағы тұтынушылық бағалардың өсуі 2020 жылдың желтоқсанындағы 0,2%-дан 2021 жылдың сәуірінде мақсатты мәнге – 2,0% дейін артты (ж/ж). Сонымен қатар, Еуропаның барлық ірі елдерінде (Германия, Италия, Франция) бағаның өсуі байқалды.

Жаппай вакцинация мен шектеу шараларының жеңілдеуі аясында дамыған елдердегі экономикалық ахуал жақсарып келеді. АҚШ экономикасы өткен жылы 2021 жылдың бірінші тоқсанында құлдырағаннан кейін 0,4%-ға өсті (ж/ж). 2021 жылы мамырда өнеркәсіп пен қызмет саласындағы іскерлік белсенділік барлық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті. Тұтастай алғанда, АҚШ-тың еңбек нарығындағы жағдай да оң көрсеткіштерді көрсетеді. Жыл басынан бері жұмыссыздық деңгейі 6,3% -дан 6,1% -ға дейін төмендеді.

АҚШ-тағы тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі инфляцияға қысым жасайды. Тұтынушылар инфляциясы жыл басындағы 1,4%-дан жылдық 4,2%-ға дейін өсті.

Дамыған елдердің орталық банктері іскерлік белсенділік қалпына келіп, инфляциялық процестер жеделдесе, ақшалай ынталандырудың төмендеуі ықтимал екенін хабарлады. Өз кезегінде нарық қатысушылары экономиканы қолдау бағдарламаларының неғұрлым нақты шешіммен және тезірек қысқаруын күтіп отыр.

Осылайша, «2021 жылғы мамыр-маусым» болжамдық кезеңінің аясында ірі орталық банктердің ынталандыру шараларынан біртіндеп бас тартуы және бейтарап ақша-кредит саясатына біртіндеп көшуі сыртқы валюта жағдайларының алғышарттары ретінде қаралды.

 

Сарапшылардың белгілі бір пікірлеріне қарамастан, базалық мөлшерлеме деңгейін ұстап тұрудың себептері туралы

Қазір экономикада инфляциялық факторлардың әсері басым. Сыртқы инфляциялық қысым әлемдік сауда бағаларының өсуіне және Қазақстанның сауда серіктес елдеріндегі инфляцияның жеделдеуіне байланысты. Ішкі секторда инфляцияның жеделдеуіне жанар-жағармай материалдары бағасының өсуі және энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерінің өсуі әсер етеді.

Осыған байланысты инфляциялық болжамдар инфляциялық күтулердің тұрақсыздығы жағдайында екінші инфляциялық әсер ету ықтималдығын арттырады, инфляцияның төмендеуін баяулатуы мүмкін жалпы инфляциялық жағдайларды өсіріп жібереді.
Соған қарамастан, келесі жылы біз инфляцияның ішкі факторларының әсері таусылып, сыртқы инфляциялық қысым әлсірейді деп күтеміз.

Осылайша, Ұлттық Банк инфляцияны төмендету траекториясының біртіндеп тұрақтануын ескере отырып, базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Базалық ставканың бұл деңгейі инфляцияны бақылауды сақтауға және оны орта мерзімді перспективада жүйелі төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұлттық банк сыртқы сектордағы және ішкі экономикадағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және инфляциялық факторлар қысымының одан әрі артуы және болжамды бағалаулармен салыстырғанда дезинфляцияның баяулауы жағдайында дайын екендігін атап өткім келеді.

 

Төлем балансының тапшылығы жағдайында сыртқы сауда құрылымының жақсаруы туралы

Сыртқы сектордағы тенденциялар биыл төлем балансының көрсеткіштері жақсарғанын байқатады. Ағымдағы шоттың тапшылығы екі есеге жуық қысқарады деп күтеміз, 2020 жылы 6,3 млрд доллардан 2021 жылы 3,6 млрд долларға дейін.

Жағдайдың бұлай жақсаруына негізінен тауар экспорты көлемінің өсуі себеп болды. Біздің болжамдарымыз бойынша, әлемдік сұраныстың қалпына келуіне байланысты Қазақстан экспортының негізгі тауарларына тән (мұнай, қара және түсті металдар, газ, уран, астық) бағалар өсіп, сол арқылы экспорт ұлғаяды.

Экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, сондай-ақ ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібінде едәуір дәрежеде аралық және инвестициялық тауарлардың импортын қолдайды деп күтеміз. Халықтың тиімді сұранысының қалпына келуі де тұтыну тауарлары импортының өсуіне ықпал етеді.

Ағымдағы шоттың осындай динамикасы ел экономикасының құрылымдық ерекшеліктерін байқатып отыр, бірақ, тұтастай алғанда, өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай жақсару болды деген қорытындыға келу керек.